2024-04-25 23:51:35
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік полицейлер оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Шымкенттік полицейлер оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Шымкент қаласы аумағында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы аясында Қаратау АПБ ювеналдық полиция тобының қызметкерлері бекітілген білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Осы ретте учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Б.Акмурзаев Қаратау ауданында орналасқан А.Сейдімбек атындағы №80 жалпы орта білім беретін мектебінде іс-шара негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, жаңа оқу жылында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР