2024-03-29 07:29:45
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттен Риддерге гуманитарлық көмек тиелген 2 жүк көлігі жолға шықты

Шымкенттен Риддерге гуманитарлық көмек тиелген 2 жүк көлігі жолға шықты
Бүгін Шымкентте «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген 2 көлік жолға шықты.
Қала жастарының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты.
— Жастардың белсенділігі, елдің ынтымағы, ауызбіршілігі жайбарақат кезде емес, осындай елдің басына қиындық түскен кезде көрінеді. Қала жастары бірігіп, Риддердегі жерлестерімізге көмектесіп, халық арасында үндеу тастап, 2 жүк көлігімен гуманитарлық көш-керуенді жасақтаған екен. Мемлекеттіліктің мәнін түсініп, игі іске атсалысқан барша азаматтарға, қала жастарына шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлының атынан зор алғыс айтамыз, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Сондай-ақ ізгі шараға қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер, қалалық мәслихат депутаттары, «NurOtan» партиясы фракциясының мүшелері және кәсіпкерлер, жоғары, орта оқу орындары студенттері үлес қосты.
Айта кетейік, 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету алдағы уақытта да жалғасады.
Қосымша ақпарат бойынша +77475359200, +77053519292 (Бижан) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР