2022-05-23 22:56:16
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағы жаңарды

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағы жаңарды 1

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Т.Рысқұлов (Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін), Желтоқсан (Қонаев даңғылынан Темірлан тас жолына дейін), Тауке хан (Сайрам көшесінен Д.Қонаев даңғылына дейін) және тағы басқа да қала көшелеріне жол таңбалары сызылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов аталған жұмыстардың барысын тексеріп, кемшіліктер бойынша сала мамандарына тапсырма жүктеді.

Тамыз айынан жаңа оқу жылы басталғанға дейін 100-ден аса мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңыртылды.

Қала бойынша жалпы асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері сол жолға  екі  жүз он бес шақырым жол таңбалары сызылды. Оның жүз елу шақырымы термопластиктен, ал қалған алпыс бес  шақырымы акрильді бояудан сызылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР