2024-04-18 22:31:06
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жаңарған аулалар пайдалануға берілді

Шымкентте жаңарған аулалар пайдалануға берілдіШымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылына орай «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Еңбекші ауданындағы Ш.Уалиханов көшесі, №№225, 225А, 227, 227 А көпқабатты үй аулалары абаттандырылды. Бұл алаңшаларда балаларға арналған ойын элементтері және барлық тұрғындар үшін стрит воркаут, тренажер алаңшалары бар.

Нысанның ашылуына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы және ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты. М.Исахов тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бойынша қалада атқарылған жұмыстарды атап өтті.

-Биыл аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің  аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Бұдан бөлек,  бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау, жастарды спортқа баулу мақсатында ағымдағы жылы 115 спорт алаңшасы салуды қолға алдық, оның ішінде бюджет есебінен 101 спорттық алаңшаға 2 млрд. теңге қаралды, 14 алаңша демеушілердің есебінен салынуда. Қазіргі таңда Еңбекші ауданында 15 спорттық алаңшаның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Жыл соңына дейін 115 спорттық алаңша қала тұрғындардың игілігіне тапсырылады,- деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгін пайдалануға берілген алаңша тұрғындардың ұсынысымен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша іске асырылды. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында «Build stroy» ЖШС-і демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстарын жүргізіліп, ауыз су бұрқақтары орнатты.

«Ғажайып бақ»  атты тұрғындарға арналып демалыс орны мен бақша құрылды. Бақшаны құрудағы мақсат балаларға гүл, ағаш, басқада көшеттер отырғызып, тәлім-тәрбиелік бағытта еңбекке баулу. Ауланың ашылуына қатысқан қонақтар ағаш көшеттерін отырызып, қаланың көгалдануына өз үлестерін осылай білдірді.

Айта кетейік,  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясындағы «Халық қатысатын бюджет» жобасы – бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастыру. Бюджеттің ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады.

Қала әкімі М.Д.Әйтенов 2022 жылға арналған абаттандыру жұмыстарын түрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жоспар құруды тапсырды. Қазіргі таңда аудан әкімінің аппараттары тұрғындардан ұсыныстар қабылдап, жұмыс жүргізуде. Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың ұсынысымен жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР