2024-04-25 23:54:56
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Шымкентте тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Бүгін Шымкент қаласы Қайтпас -1 шағынауданында газдан уланудың алдын-алу және рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Қаратау әкімдігі, Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары бірлесе отырып, үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

— ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ГАЗДАН УЛАНДЫ. ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ УЛАНУЫ ӘЛІ ДЕ КЕЗДЕСІП ЖАТЫР. СОНДЫҚТАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ХАЛЫҚҚА БАРЫНША ТҮСІНДІРІП ЖАТЫРМЫЗ. ЕҢ БАСТЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗ ЖАБДЫҚТАУ» ТУРАЛЫ ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ӘРБІР ТҰТЫНУШЫ ҮЙІШІЛІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ КОМПАНИЯЛАРМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАУЫ МІНДЕТТІ. МҰНДАЙ МЕКЕМЕЛЕР ГАЗ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ДҰРЫС ОРНАТЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ЗАҢНЫҢ ОСЫ ТАЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ЕСКЕРІЛМЕУІ АДАМДАРДЫҢ ГАЗДАН УЛАНЫП, ТІПТІ КЕЙБІРІНІҢ ҚАЗАҒА ҰШЫРАУЫНА СЕБЕП БОЛУДА, — ДЕЙДІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ ГАЗ — ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР ДАНИЯР ӘШІРӘЛИЕВ.

Уланған жағдайда зардар шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз, дейді мамандар.

Айта кетейік, тиісті мекемелер тұрғындар арасында осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР