2024-04-20 15:40:55
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте тартысты турнир бастау алды

Шымкентте тартысты турнир бастау алды

Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністері арасында Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызмет бабында ерлікпен қайтыс болған өрт сөндіруші және құтқарушыларды еске алуған арналған жазғы спорт түрлерінен спартакиада өткізілуде. Апта көлемінде қазақша күрес, жеңіл атлетика, гір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен сайысқа түскен өрт сөндіруші және құтқарушылар бүгінде шағын футболдан жарысқа белсенді кірісті.
2021 жылғы 8 маусымда бастау алған шағын футболдан турнирді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Жақсыбаев салтанатты түрде ашып берді.
Ашылу салтанаты Атырау қаласында өткізілген өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ кубогы турниріне қатысып, Чемпион атанған қыздар құрама командасының мүшелерін марапаттау рәсімінен басталды.
Одан әрі Департамент бастығы «Бұл жай ойын емес, спорттық шеберлік деңгейлерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту. Футбол – ұжымдық ойын, бұл жерде командалардың үйлесімділігі, ұжым үшін жауапкершілік сезінуі – дәл өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысындай», — екендігін атап өтіп, футболдан жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі.
8-9 маусым күндері болатын бұл турнирге 11 команда қатысып, өз бақтарын сынағалы отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР