2022-07-07 01:01:21
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте сарбаздар ант қабылдады

Осы көктемде Нұр-сұлтан және Алматы қалаларынан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан шақырылған механикаландырылған бригаданың 150-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады.

Ант қабылдаушыға әрдайым есте қалатын салтанатты рәсім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында жеке құрамның, сарбаздардың ата-аналары мен туыстарының, сондай-ақ шақырылған қонақтардың қатысуымен өтті.

Қолдарына қару алған сарбаздар өздерінің әскери борышын лайықты атқаруға, елдің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылымын, халқын және заңды түрде сайланған Президентінің батыл қорғауы болуға ант берді.

Бөлімге келгеніне бір ай болған жас жауынгерлер бастапқы әскери дайындық курсынан өтті. Олар әскери Жарғылар және олардың қызметін айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды, атыс, дене дайындығы және басқа да әскери оқыту пәндері бойынша бастапқы білім алды.

Ант беріп, салтанатты шерумен өткен сарбаздар, қарумен және қарусыз саптық амалдарды орындау, дефиле, дене дайындығы мен қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.

— БҰЛ МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ТЕРЕҢ ІЗ ҚАЛДЫРАТЫН ҮЛКЕН ОҚИҒА. МЕН ТЕЛЕДИДАРДАН АНТ ҚАБЫЛДАУДЫ БІРНЕШЕ РЕТ КӨРДІМ. БІРАҚ САПТЫҚ АЛАҢДА ТҰРЫП, АНТ ОҚЫҒАН КЕЗДЕ, МҮЛДЕМ БАСҚА СЕЗІМДЕ БОЛАДЫ ЕКЕНСІҢ, — ДЕП ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР РИНАТ ӨМІРЗАҚ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕН АЛҒАН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ.

Шақырылған сарбаздардың туыстары мен қонақтардың қатысуымен ант қабылдау рәсімі Covid-19 таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Ант беру кезінде ерекше сезімді бастан өткердік, деген сарбаздар аз  уақыт ішінде  өздеріне артылған абырой мен сенімді сезініп те үлгерген.

Соңғы 2 жылда эпиджағдайға байланысты бөгде азаматтардың қатысуына рұқсат етілмей келген мұндай маңызды сәтке биыл сарбаздардың ата-аналары мен туыстары алғаш рет куә болып отыр. Бауыр еті балаларының үлкен өмірге қадам басқан кезеңін көру мүмкіндігі бұйырғанына олар да қуанышты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР