2024-04-20 13:11:11
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте ойнап жүріп адасып қалған үш жасар баланы полицей ата-анасына тапсырды

Шымкентте ойнап жүріп адасып қалған үш жасар баланы полицей ата-анасына тапсырды
Ағымдағы жылдың 25-тамызында Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында үш жасар баласы үйінің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің №57 учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылады. Тәртіп сақшылары аулалар мен көшелерді тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала жиырма минут ішінде көшелердің бірінен табылып, ата-анасына аман-сау табысталды.
Шымкент қаласының полицейлері балаларды қараусыз қалдырмай, бас-көз болуға шақырады.
Егер де Сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР