2024-04-18 18:40:45
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте коммуналдық сенбілік ұйымдастырылды

Шымкентте коммуналдық сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін Шымкент қаласы аумағында коммуналдық сенбілік ұйымдастырылды. Яғни, қала тұрғындарына тәулік бойы үздіксіз қызмет ететін мекемелер өздеріне қарасты барлық нысан аумағын тазалады.
“Тазалық — өзімізден басталады” ұранымен бастау алған бұл сенбілікке 700-ге жуық коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды.
Атап айтар болсақ, коммуналдық сенбілікке «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан 40-тан астам қызметкер қатысты. Олар су жинау имараты аумағын тазалап, темір бетон құдықшаларының сынған қақпағын (люк) ауыстырды.
Ал “Қуатжылуорталық-3” МКК тарапынан 250 жұмысшы қатысты. Сенбілік барысында жылу қазандығының құрал-жабдықтары тазаланып, мекемеге қарасты нысандардың қоршаулары ақталды. Сондай-ақ, сорғы станцияларында тазалау, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен-қатар, «ABM Building 2007» ЖШС тарапынан сенбілікке 41 адам жұмылдырылды. Сенбілік аясында саябақтардағы плафондар жуылып, басқару шкафтары сырланып, жарықтандыру бағаналары бей-берекет ілінген электр сымдардан тазартылды.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан көше бойында орнатылған электр трансформаторларын сырлау, сынған есіктерін, қоршауларын қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалынды. Сонымен қатар, қосалқы станция аумағы қураған шөптерден тазартылды. Сенбілікке барлығы 100-ден астам жұмысшы қатысты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі тарапынан қала аумағындағы газ тарату блогтарының аумағы тазартылып, газ құбырлары сырланды. Сенбілікке барлығы 250 қызметкер атсалысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР