2024-04-19 16:57:36
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте коммуналдық мәселелер толық шешімін табады

Шымкентте коммуналдық мәселелер толық шешімін табады

Үшінші мегаполисте коммуналдық инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Мысалы үшін 2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту көзделуде.

Бүгінде қаладағы 81 елді-мекеннің 78-інде ауыз болса, 3 елді мекен оны кестемен тұтынып келеді. Ол Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары.

Қалада ауыз су бағыты бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2022 жылдың соңына қарай Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас, Текесу елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Осының нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді.

Сондай-ақ, Сайрам және Қайнарбұлақ елді мекендері 2023 жылы ауыз суға толық қосылады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы табиғи газбен қамтылған. Газ шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сіне толық, 31-іне жартылай беріледі. Қаланы бүтіндей газбен қамтамасыз ету үшін тиісті жобалар жүзеге асырылуда.

Мәселен, Ақтасқа газ құбырын тарту жұмысы 65 пайызы орындалған. Ол осы жылдың тамызына дейін аяқталып, нәтижесінде 225 үй көгілдір отынға қол жеткізеді.

Қазіргі уақытта қалада 1 магистралды және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін Тұран магистралды газ құбыры мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 20 мыңға жуық тұрғынға табиғи газ беріліп, қамтылу көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. 2025 жылы қала тұрғындарын 100 пайыз көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген болса, биыл кәріз жүйесіне қосылған елді мекен саны 6-ға артады. Соның арқасында қаланың кәрізбен қамтылу көрсеткіші 54 пайыздан, 60 пайызға жетеді деп күтілуде.

Бүгінде бұл көрсеткішті арттыру мақсатында арнайы 16 нысан салынып жатыр. Ол 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елді мекендегі ішкі орамдық кәріз құбырлары.

Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР