2024-03-29 06:26:59
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Жасыл қала» акциясы аясында тазалық іс-шарасы өтуде

Шымкентте "Жасыл қала" акциясы аясында тазалық іс-шарасы өтуде

Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік іс-шарасы өтуде. Оған қала әкімдігінің құрылымдық басқармалардың, аудан әкімдігінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ЖОО студенттері қатысуда.

Іс-шарада жасыл аймақты, аяқжолдарды, ирригация жүйелерін, сынған бұтақтарды және қоқыстардан арылту, қала аумағындағы саябақтар, гүлзарлар және аллеялар, «Қошқар ата» өзені жағалауының тиісті бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік іс-шарасы «Жасыл қала» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Қаланы таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту, тұрғылықты мекенжайымызды таза ұстау — азаматтық борышымыз

Сондай-ақ сенбілік жұмыстары  Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Қайнарбұлақ елді мекенінде жалғасты.

Тазалық іс-шарасына Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Отбасы банкі, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы жəне аудан тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. Жалпы 450 адам, 63 техника жұмылдырылды.

Аудан əкімі А.Әліқұлов барша қала тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі мерекемен құттықтап, сенбілікке атсалысқан барлық азаматтарға өз алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР