2024-03-29 01:28:49
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте халық санағына дайындық кезеңі қарқынды жүруде

Шымкентте халық санағына дайындық кезеңі қарқынды жүруде

Биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында елімізде Ұлттық санақ өткізіледі. Осыған байланысты Шымкентте халық санағына дайындық жұмыстары қарқынды жүруде.  Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Жаңабаеваның айтуынша, аталған жұмысқа 200-ден астам санақ персоналы тартылған.

– Интервьюерлер планшетті қолдану арқылы Шымкенттегі балық елді мекендерді аралап, тұрғын үйлердің, адам тұруы мүмкін ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасады. Аталған жұмыстарға 227 санақ персоналы тартылды. Оның 29-ы нұсқаушы-бақылаушы (1,5 айға) және 198 интервьюер (1 айға). Қала бойынша 235 мыңнан астам нысанды (тұруға арналған және адам тұруы мүмкін үй-жайлар) аралады. Ондағы тұратын адам саны 1 миллионан асатыны анықталды, — дейді Меруерт Жаңабаева.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында қала тұрғындары интернет желісі арқылы онлайн-режимде арнайы sanaq.gov.kz сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырып, санақтың барлық сұрақтарына жауап бере алады.

Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады. Ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР