2022-05-23 23:08:02
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте эпидахуал тұрақтала бастады

Шымкентте эпидахуал тұрақтала бастады 1
Шымкентте 22 тамыз күні КВИ-дің 147 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 124, белгілері жоқ – 23). 92 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, елу бес адам үй бақылауына алынды. 2840 адамнан ПТР сынамасы алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 62%-ды құрайды, 1428 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2352 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, екі жүз тоқсан  үш  науқас ем қабылдауда.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін қырық мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 454 нысанға тексеру жүргізген болса, оның 13-нде карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.
Бір тәулік ішінде қалада 1758 адам вакцина алды (I компонент-712, II компонент-1046). Егу науқаны басталғалы барлығы 411 877 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 341 021 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала тұрғындарының назарына! Пандемияны жеңудің жалғыз жолы, ол – вакцина. Екпе ал, еркін өмір сүр!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР