2024-04-26 03:12:19
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте еліміздегі бірегей кәсіпорын аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады

Шымкентте еліміздегі бірегей кәсіпорын аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады
Шымкент қаласында жыл соңына дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған Қазақстандағы бірегей кәсіпорын – «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады.
Индустрияландыру картасына енген бұл жоба «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылуда. Бүгінде құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жыл соңына дейін жүз қырық бес жұмыс орнымен ашылатын бұл жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылса, он тоғыз млрд теңге көлеміндегі соманы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылды.
Жылдық қуаты 500 млн дана қалбыр банкалар шығаратын өндіріс орны еліміздегі ішкі сұраныстың алпыс бес  пайызын қамтамасыз етпек.
Айта кетейік, индустрияландыру картасы шеңберінде қаламызда биыл он жеті жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде қырық млрд теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 758 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның ішінде биылғы сегіз айда бес жоба іске қосылып, 385 жаңа жұмыс орындары ашылған. Тартылған инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР