2024-03-19 07:33:56
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТТЕ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биыл елімізде азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. Мерекелік іс-шарада азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиынға қала мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов, азаматтық қорғаныс органдарының ардагерлері, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Салтанатты іс-шара өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегін баяндайтын сахналық қойылымды тамашалаудан басталды. Кәсіби адалдық пен ерен ерліктің үлгісіне негізделген театралдық қойылым көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі.

Құтқарушы — қайраттылық пен төзімділікті және жоғары дайындықты талап ететін мәртебелі мамандық. Бейбіт тұрғындарды түрлі табиғи және техногендік апаттардан сақтап қалу — осы мамандық иелеріне жүктелген кәсіби парыз. Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды халқымыз бейбіт күннің батырларына теңейтіні сондықтан.
Жиын барысында қызметтік борышын адал атқарып жүрген азаматтық қорғаныс саласының 30 қызметкері «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Шымкент қаласы әкімінің және мәслихатының «Алғыс хаттарымен», басқа да салалық наградалармен марапатталды.
Мерекелік жиынға қатысушылар елімізде алғаш рет көрсетілімі ұйымдастырылып отырған «Бебеу» аннимациялық фильмін тамашалады. Анимациялық фильмнің авторы Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс майоры Еркебулан Тасқараев. Шымкенттік «Сақ» киностудиясының бұл өнімі алдағы уақытта республикалық «Балапан» телеарнасынан көрсетілмек. Фильмде өрт сөндірушінің жұмыс күні баяндалады. Туынды жас өскінге адамдарды құтқару міндеті — абыройлы іс екенін көрсетіп, өрт қауіпсіздігін сақтау — маңызды мәселе екенін үйретеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР