2021-10-17 06:41:43
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Бақытты қалаға бір билет» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкентте «Бақытты қалаға бір билет» байқауының жеңімпазы анықталды 1

Ағымдағы жылы 25 мамыр мен 5 маусым аралығында «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы өзге қала тұрғындары арасында «Бақытты қалаға бір билет» байқауын жариялаған еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты – қаламыздың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау.

Мемлекет қазынасынан қаражат жұмсамай, тек демеушілер есебінен ұйымдастырылған байқау жеңімпазына Шымкент қаласына тегін әуе билеті, «Rixos Khadisha» қонақ үйіне ақысыз бір күндік демалыс пен «Сандық» мейрамханасынан кешкі ас сондай-ақ қаламыздың басты туристік нысандарына RollsRoyce көлігімен тур ұйымдастырылады.

«Жалпы кез-келген адам үшін өзін-өзі жайлы сезінуі маңызды. Біздің мақсат осындай ыңғайлылықты жасай отырып, шаһарға келген әр қонаққа ұмытылмас әсер сыйлау. Шымкентке келген әрбір қонақ өзін жоғары дәрежелі инвестор секілді сезініп, сондай дәрежеде қызмет алуы басты мақсатымыз. Қаладағы барша туристік нысанның басшыларына осындай челлендж жолдап отырмыз» — дейді А. Раманов.

Өзге қала тұрғындары арасында ерекше қызығушылық оятқан байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қостанай, Семей, Тараз қалаларының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Байқаудың барлық талап-ережелерін орындап, тікелей эфир барысында көп ішінен Елорда тұрғыны Айдана Үсенова жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз Айдана Асылбекқызы екі баланың анасы. Өзінің айтуынша Шымкенттің көрікті әрі тарихи орындарында бұрын соңды болмаған. Нұр-Сұлтандық тұрғынның арманы осылайша «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы арқылы жүзеге аспақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР