2024-04-18 14:44:21
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 435 мың адам вакцинацияланды

Шымкентте 435 мың адам вакцинацияланды
Шымкентте 2 қыркүйекте КВИ-дің екі жүз жиырма үш жағдайы тіркелді (белгілері бар – 165, белгілері жоқ – 58). 107 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жүз он алты  адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы екі мың тоғыз жүз сексен орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – төрт жүз тоқсан жеті төсек орын бар, екі жүз тоқсан екі  науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада бес мың үш жүз елу  адам вакцина алды
(I компонент-2804, II компонент-2546). Егу науқаны басталғалы барлығы 435 071 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 367 468 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Ғылыммен дәлелденген вакцина — пандемияны жеңудің жалғыз жолы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР