2024-03-28 19:31:35
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанған

Шымкентте 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанған
Шымкентте 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылар білім сайыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, Елбасы академиясының ұйымдастыруымен өткен «El umiti» жобасына қаладан 500-ден астам оқушы қатысып, республикалық комиссияның шешімімен 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанды. «Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бұл марапат 6 ай ішінде 7 бағытта берілген тапсырмаларды дұрыс орындаған жастарға беріледі. Бұл жобаға биылғы жылы қаладағы мектептерден 1 мыңнан астам оқушы қатысып отыр.
Бұдан бөлек, республикалық байқаулар мен олимпиадаларда 69 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал республикалық ғылыми жобалар сайыстарында – 10 оқушы жүлделі орынды иеленді. Спорттың 10 түрінен өткен республикалық сайыстарда шымкенттік оқушылар 7 рет чемпион атанды.
Оған қоса, биыл шымкенттік оқушылар республика көлемінде 250-ден астам ғылыми жоба Олимпиадасына қатысып, 55 оқушы жеңіс тұғырынан көрінген. Ал халықаралық ғылыми жобалар байқауынан 2 оқушы жүлдегер болған. Сондай-ақ, 6 білім ұйымы республика бойынша 100 «үздік» мектептің ішіне енген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР