2024-04-26 03:10:33
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: «Жасыл ел» тазалық акциясы жалғасты

Шымкент: «Жасыл ел» тазалық акциясы жалғасты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясының жанынан табылды. Яғни, еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған «Жасыл ел» жобасы Еңбекші ауданында жалғасты.

Сонымен қатар, үшінші мегаполистің белсенді жастарының бірі Абай Аңдабаевтың ұйытқы болуымен тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінен бөлек, аталған ауданның әкімі аппараты қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.

Тазалық акциясы барысында «Фосфоршылар» сарайының айналасы және оның маңындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен аллеясы қоқыстан толығымен тазартылды. Оған қоса, арнайы техникалар жұмылдырылып, сырлау, әктеу жұмыстары жүргізіліп және қураған ағаштар қырқылды. Бұл ретте акцияға қатысушылар: «Қаламызды таза ұстау – міндетіміз!» атты ұранды алға тартып, өз ортасына деген жанашырлықтарын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР