2024-04-18 17:18:51
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді

Шымкент: Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді

Шымкент қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов пен жергілікті Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Малахов және Еңбекші ауданы Жұлдыз аумағының аумақ басшысы Сейдулла Ибишевтің қатысуымен Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтік топ мүшелері Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алаптарында қаламыз бойынша сайлауалды бағдарламасының іске асуы бойынша дайындалған Жол картасының негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Еңбекші ауданы бойынша Жалын тұрғын алабында жыл басынан бері негізгі 4 көшенің құрылысы аяқталып, 2 көшенің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін жеке меншікке қарап келген электр жүйелері мемлекетке өткізіліп, пайдалануға берілген.

Жұлдыз тұрғын алабында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары экспертизадан өткізіліп, қаржыландыруға ұсынылған.
Ал, Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс бөлімінде электр жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр. Ауыз сумен қамту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бүгінде қаржыландыруға ұсынылған.

Бақылау жұмыстарының соңында фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов аудан басшылығына инфрақұрылым бойынша бойынша атқарылып жатқан жұмыстар халық игілігіне өз уақытында берілуі тиіс екендігін алға тартып, алдағы уақытта да бұл жұмыстар Партиялық бақылау комиссиясының басты назарында болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР