2024-04-20 00:35:52
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Қаратау ауданында балалар жол жүру ережесін жетік меңгеруде

Шымкент: Қаратау ауданында балалар жол жүру ережесін жетік меңгеруде
Ағымдағы жылдың 23-31-тамыз аралығында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Осы іс-шара аясында Қаратау АПБ Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері бекітілген білім беру ұйымдарында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.
«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР