2024-04-20 14:08:10
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілдіШымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов пен жергілікті Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев және «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғарбек Нышанбекұлының қатысуымен Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Олар ең алдымен, жол картасындағы индикаторлардың сапалы деңгейде орындалуы бойынша Әл-Фараби ауданындағы №79 жалпы орта мектебінде болып, мердігер мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бұдан бөлек, қаламыздың Жансүгіров 10А көшесінде орналасқан «Низамхан орта мектебіндегі» құрылыс жұмыстарының бүгінгі қарқынына көз жеткізді.

Мониторинг барысында белгілі болғандай, ағымдағы жылдың наурыз айында бой көтерген мектеп құрылысының 80%-ы аяқталған және 2021 жылдың қыркүйек айында толық қолданысқа берілмек.

Айта кетсек, мердігер мекеме «Юг Рем Строй Сервис» ЖШС-і құрылысына жауапты мектептің жер телімінің жалпы ауданы — 0,82 га құрайды және қаржы көзі жеке инвестор тарапынан жүргізілуде.

Бақылау жұмыстарының соңында фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов бас мердігерге құрылыс сапасының жоғары болуын қадағалауды және нысанды өз мерзімінде аяқтауды тапсырып, алдағы уақытта да құрылыс жұмыстары Партиялық бақылау комиссиясының басты назарында болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР