2024-03-19 11:54:05
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды. Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Бауыржан Қалмұхамедұлы Тұманбаев қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бауыржан Қалмұхамедұлы 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандығы — дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы және спорт жаттықтырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры. Еркін күрестен ҚР Еңбегі сінген жаттықтырушы.
Қызмет жолы 1991 жылы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болудан басталған. Кейіннен түрлі жылдар аралығында Сайрам аудандық білім беру және спорт бөлімінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім басшысы, ОҚО спорт бөлімінің басшысы болған. 2013-2017 жылдары ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасады.
2017 жылы ОҚО жекпе-жек спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2018 Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры.
2020 жылдан бүгінге дейін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР