2024-04-17 04:00:05
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: жыл басынан бері 47 мыңнан астам адам жеке куәлік пен төлқұжат алды

Шымкент: жыл басынан бері 47 мыңнан астам адам жеке куәлік пен төлқұжат алды
Жеке куәлік пен шетелдік төлқұжат алу — ХҚО-да ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер, оларды рәсімдеу оңай болғанымен, азаматтар тарапынан көптеген сұрақ туындайды.
Негізінде жеке куәлік пен шетелге шығуға рұқсат беретін төлқұжатты алу үшін тек 5 қарапайым қадам жасау қажет.
Бұл:
— жақын маңдағы ХҚО-ға жүгіну
— мемлекеттік баж салығын төлеу
— туу туралы куәлікпен бірге қажет болған жағдайда ата-анасының біреуінің жеке куәлігін (баланың азаматтығын растау үшін) ХҚО қызметкеріне көрсету,
— содан кейін ХҚО-дағы көші-қон полициясы қызметкеріне құжат топтамасын тапсыру,
— процестің соңғы кезеңі ол — болашақ құжат үшін суретке түсу.
Дайын құжатты 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.
Егер азамат құжаттарды дайындауды бір жұмыс күніне дейін жеделдетуді қаласа, қосымша баж алымын төлеуі керек.
Жаңа куәлік пен төлқұжат алғаннан кейін ескі құжаттар ХҚО маманына тапсырылуы керек.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Шымкент тұрғындары 47 мыңнан астам жеке куәлік пен төлқұжат алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР