2021-10-27 07:07:21
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының құрылғанына — 79 жыл

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының құрылғанына - 79 жыл 1
Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының құрылғанына 79 жыл толуына арналған салтанатты сап түзеуге оның қалыптасуының бастауында тұрған бөлім ардагерлері мен еліміздің оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын офицерлер, сержанттар, мерзімді қызметтегі сарбаздар жиналды.
Жиналғандарды бөлім командирі подполковник Нүркен Қарағұлов және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алды. Бөлім командирі атап өткендей, бригаданың жеке құрамы жүктелген міндеттерді сәтті орындауда.
— Менің ойымша, біздің бөліміміз жауынгерлік даярлық сабақтары бойынша алдағы уақытта да алдыңғы орындарды иеленіп, жоғары нәтижелер көрсететін болады. Бөлім басшылығының және өз атымнан, жеке құрамды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, отбасыларыңызға бақыт, денсаулық және бөліміміздің жауынгерлік міндеттерін табысты орындауыма тілектеспін, — деді ол.
Штабы бастығы лауазымдық міндеттерін орындау кезінде көрсеткен еңбекқорлығы, кәсіби шеберлігі үшін көзге түскен әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды марапаттау туралы бұйрықты оқыды.
Бөлімнің тарихы 1942 жылы құрылған 619-шы атқыштар полкінен бастау алады. Ұлы Отан соғысы жылдарында полк II дәрежелі Богдан Хмельницкий және III дәрежелі Кутузов ордендерімен марапатталды.
Бүгінгі таңда бұл әскери бөлім өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындауда. Ол жеке құрамды даярлау және техникалық жарақтандыру деңгейі бойынша үлгілі болып саналады. Бригаданың артиллерияшылары мен танкішілері республикалық және халықаралық деңгейдегі армия жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР