2022-05-28 02:04:11
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент — бірлік пен татулық бесігі

Шымкент - бірлік пен татулық бесігі 1

Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының қол жеткізген жетістігі де аз емес. Мысалы 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылғы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл мемлекет тарихындағы саяси рөлі жоғары бастама ғана емес, көпұлтты Қазақстан халқын ынтымақтастыратын қоғамдық институттың рөлін айқындай түсті.

Шымкентте этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүретінін айғақтайтын ескерткіш белгілер де бар. Мысалы Тәуелсіздік саябағында орналасқан алып Шаңырақ формалы ескерткіш кешені бір елдің тату-тәтті халқының символы. Шаңырақты биік көтеріп тұрған уық санының 131 болуы да тектен тек емес. Ол Қазақстанды мекен еткен этносөкілдерінің бір шаңырақ астындағы тату тұрмысын сипаттайды.
Дәл осындай достық пен татулықты паш еткен ескерткіш Желтоқсан көшесі бойындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты алдында да бой көтерген. «Ел бірлігі» ескерткішінің ашылу салтанатына ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қатысқан. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудың мызғымас үлгісін әлемге паш еткен тұғырлы елге айналып отыр.

Айта кетейік,Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында қазір 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР