2021-10-17 17:48:44
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: аудан әкімі «Асар-2» шағынауданы тұрғындарымен кездесті

Шымкент: аудан әкімі «Асар-2» шағынауданы тұрғындарымен кездесті 1Қала әкімінің шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов аудан аумағындағы «Асар-2» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындардың шағынаудандағы ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйесі, сапалы электр жарығымен қамту және шағал тас төсеу бойынша мәселелеріне толыққанды жауап берілді.

Аудан әкімі «Асар-2» шағынауданының инфрақұрылым мәселесін жүйелеу мақсатында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жобалар мен жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Шағынауданды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 шақырым ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамырында басталды. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қамтылатын жалпы абонент саны – 2 765.

«Ремстрой Алматы» ЖШС шағынауданды электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар атқаруда. Қамтылатын жалпы абонент саны – 2 723. Ал табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 50,4 шақырым ішкі орамдық жүйлерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталды. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС.

Сондай-ақ, «Асар-2» шағынауданын кәріз жүйелерімен қамту бойынша «Монолит – Дизайн — 2030» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты келер жылы аяқтау жоспарлануда.

Шағынауданда 48,6 шақырым 38 көше бар. Оның ішінде 4,9 шақырым жолды асфальттау бойынша «Север-Юг» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқару үстінде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР