2021-10-26 13:37:07
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Шымкент: алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде 1
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Серік Ергешовтің қатысуымен брифинг өтті.
Баспасөз мәжілісінде Серік Жүрсінбайұлы қаржы пирамидасы мен алаяқтық туралы баяндады.
– Бүгінде өзекті мәселенің бірі – қаржылық пирамидалар. Қазіргі таңда Департаменттің өндірісінде ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес қаржылық пирамидаларды құру бойынша 8 іс жан-жақты тергеліп, сотқа жолдануда. Осыған байланысты 3 393 жәбірленуші зардап шегіп отыр, – деді полиция полковнигі.
Оның айтуынша, бұл қылмыс тек Ішкі істер органдарының күшімен ғана емес, қоғам болып күресуді қажет етеді. Яғни әрбір азамат алаяқтардың арбауына түспей тұрып полицияға хабарласса, тосқауыл қоюға болады. Осы ретте Серік Жүрсінбайұлы қала тұрғындарына алаяқтықтың арбауынан аулақ жүруге және қаржылық пирамидалардан сақ болуға шақырды.
Айта кетейік, Департамент тарапынан алаяқтық қылмыстарын болдырмау мақсатында тиісті профилактикалық іс-шаралар атқарылып, интернет желісі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бейнероликтер жариялануда. Сондай-ақ, жергілікті Полиция басқармасы учаскелік полиция қызметкерлерімен өздерінің учаскелерінде тұрғылықты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық көліктер мен билбордтарға «алаяқтыққа жол жоқ» акциясымен мақалалар шығаруда. Одан бөлек, ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан «Алаяқ» жедел профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп отыр.
Еске салсақ, егер алаяқтардың арбауына түскен жағдайда 102-нөміріне хабарласып, болған қылмыс туралы арыз-шағым келтіру қажет.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР