2024-04-20 06:20:49
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ш.Мұқан мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Ш.Мұқан мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Шымкент қаласында бүгінде 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жауапты мердігер – «ШАХ құрылыс компаниясы» ЖШС.

1989 жылы салынған мектеп 33 жылда бірінші рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда терезе орнату 90, сылақ 60, жылу жүйелері 20, электр желілерін тарту жұмыстары 50 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған. Мердігер мекеме өкілдері құрылысты қыркүйек айына дейін аяқтауға уәде берді.

Ш.Мұқан мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Сонымен қатар, А.Навои атындағы № 11 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінде жалпы жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жауапты мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС нысан құрылысын 20 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.

Шыңғыс Жұмабекұлы мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы орындап, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетсек, 2022 жылы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

 «Шымкент келбеті» – Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР