2024-03-19 08:24:49
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Салауатты ұлт» Ұлттық жобасы ҚР Денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді — А. Цой

«Салауатты ұлт» Ұлттық жобасы ҚР Денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді - А. Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі, оның барысында жұртшылық пен БАҚ-ты халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау туралы хабардар етті, сондай-ақ «Салауатты ұлт» Ұлттық жобасының негізгі бағыттарын атап өтті.

Өз сөзінде А. Цой Министрліктің КВИ-ға қарсы вакциналарды сатып алу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес халықты вакцинамен басқарылатын аурулардан жоспарлы иммундау туралы айтып берді. Сондай-ақ, азаматтардың КВИ-ға қарсы ревакцинациясы бойынша тәсілдер туралы хабардар етті.

«Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жөніндегі тапсырмалары «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасында көрініс тапқанын атап өту қажет. Ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықтар сияқты еліміздің стратегиялық құжаттарын ескереді: Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары; Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!»,- деді А.Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ұлттық жоба ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құқықтық мирасқоры болып табылатынын және 2025 жылға дейін нақты, қол жеткізуге болатын міндеттерді қамтитынын атап өтті. Сонымен қатар, министрлік саланың ұзақ мерзімді перспективалары мен операциялық қызметін көрсететін денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде.

Жалпы ұлттық жоба медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды; эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруды; отандық фармацевтика саласын дамытуды; саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайтуды және бұқаралық спортты дамытуды қамтитын 4 бағыттан тұрады.

Әр бағыт бойынша міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері белгіленген. Ұлттық жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтумен қамтуға, кадр әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ, ұлттық жоба эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР