2021-10-27 06:45:40
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қоқыс алаңшаларына арнайы нұсқаулықтар қойылуда

Қоқыс алаңшаларына арнайы нұсқаулықтар қойылуда 1
Әл-Фараби ауданының тұрғындары енді тазалық мекемелеріне тікелей шағымдана алады. Ол үшін қоқыс алаңшаларының алдына ескертпе белгілері жазылған арнайы нұсқаулықтар ілінді.
Нұсқаулық тақтайшаларына аумаққа бекітілген қоқыс шығарумен айналысатын мердігер мекеменің атауы, байланыс нөмірлері және қоқыс шығару жиілігі жазылған. Қоқыс уақтылы жиналмаған жағдайда тұрғындар жауапты мекеменің диспетчеріне тікелей ұсыныс-пікірі мен шағымын қалдыра алады.
Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жүз тоқсан екі контейнер алаңшалары және жеті жүз қырық тоғыз қоқыс контейнері бар болса, соның алпыс  пайызына нұсқаулықтар орнатылды. Қазан айының соңына дейін барлық қоқыс алаңшалары қамтылатын болады.
Еске сала өтейік, қоқыс жәшіктеріне құрылыс заттарын тастағандарға жиырма АЕК көлемінде айыппұл салынады. Тазалық – ортақ жауапкершілік!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР