2024-03-29 14:40:29
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді

Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді.  Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген.

Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді

Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал  кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар- тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керек.

Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді

Одан өзге, Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң бақылауда.  Аудан әкімдігінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге кезекті рейд барысында карантин талаптарын бұзған бірқатар нысандарды анықтады. Санитарлық нормаларды сақтамаған 5 кәсіпкерлік нысанға  айыпұұл салынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР