2024-04-19 00:50:35
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстандықтар жұмысқа сұралатын қағаз анықтамалардан босатылады

Қазақстандықтар жұмысқа сұралатын қағаз анықтамалардан босатылады

Қазақстандықтар жұмысқа қабылдау үшін сұралатын қағаз анықтамалардан босатылады. Қазір жұмыс берушіге қажетті құжаттарды бірден жіберетін жаңа сервис тестіленіп жатыр, — деп хабарлайды Citynews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтарға да, бизнеске де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе электрон үкімет порталынан алуға болатын (қажетті) анықтамалар миллиондаған рет беріледі екен.

Бизнес-құрылымдар соттылығы туралы, психо-наркобақылау анықтамасы мен мекенжайын растауды талап етеді. Жыл соңына дейін сервис жасауды жоспарлап отырмыз, ол қазір тестіден өтіп жатыр. Оның көмегімен адамдар анықтамаларын ешқайда апармаса да болады», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, жаңа сервис жұмыс берушіге жаңа қызметкер туралы анықтамаларды өз бетінше сұратуға мүмкіндік береді.

«(Жұмыс беруші) ЖСН енгізеді, ол алғысы келген ақпаратқа басады. Адамға бұл деректерді жұмыс берушіге электрон форматта беруге рұқсат сұрап SMS (сұрақпен) келеді. Ол «Ок» деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни, жұмыс берушілер мен ХҚКО арасында арлы-берлі жүру тоқтайды», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР