2024-04-25 05:28:29
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қаратау ауданы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Қаратау ауданы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында жасыл желектер қорын көбейту, көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Әсіресе, жазғы уақыттарда көркейту-көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде.
Қала көшелерінің бойындағы ағаштар бұталып, ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Ағаштардың түбі әктеліп, қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мақсатында 23 125 шаршы метр аумаққа алты мың екі жүз қырық төрт дана ағаш отырғызылса, мың сегіз жүз жетпіс үш шаршы метр жерге 64 944 түрлі декоративті гүлдер егілді.
Жалпы аудан бойынша отырғызылған ағаштар қатарында кәдімгі қарағай – бес жүз елу алты, Қырым қарағайы – жетпіс екі, үйеңкі – 1296, тұт – үш жүз отыз сегіз, шаған – жеті жүз, емен – үш жүз жиырма , қарағаш – 2340 және көп жылдық бұталардың түрлері бар. Сонымен бірге, аудан аумағына шафран – 12 528, тагетис – 18 752, петунья — 6 289, сальвия гүлдері егілді.
Қаладағы саябақтарда қураған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР