2022-01-27 11:41:54
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қаламызда 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалған

Қаламызда 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалған 1

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 38-тармағына сәйкес қала аумағында “Барлық аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау” жұмыстарының орындалу барысымен таныстым.

Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов 2021 жылға жоспарланған аялдамаларды жабдықтау жұмыстары толықтай орындалғандығын, яғни қала аумағында 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, Шығыс айналма жолы құрылысының өндірістік кестеге сәйкес атқарылуын пысықтадық. Аталған жоба 2021-2023 жылдарға арналған. Қазіргі таңда аталған нысанның жол негіздемесін дайындау, жол жабынының жер жұмыстары қолға алынған.

Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР