2024-03-29 02:17:27
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қалаға жетіспейтін 3 магистралдық су құбырын салу

Қалаға жетіспейтін 3 магистралдық су құбырын салу

1. «Шымкент қаласында, «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан, Тұран шағын ауданы айналма жолына дейінгі, диаметрі 920х10 мм ұзындығы 4,48 шқ құрайтын 2 магистралды суаққы құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.
​Бүгінгі күні, «Көмешбұлақ» су көзінен алынатын 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

2. «1-ші аймаққа айналма жолынан бастап Шымкент қаласының Асар ықшам ауданына дейін магистралды су тартқыш салу» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Жалпы ұзындығы 13,7 шақырымды құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

3. «Шымкент қаласындағы 1-аймақта «Асар-2» ықшам ауданынан бастап Төлеметов көшесі мен Алматы трассасының қиылысына дейін магистралды су құбыры желілерін салу» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Жалпы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазіргі таңда, нысан басында 20 жұмысшы, 10 техника жұмыс жасауда. 11,7 шақырым суаққының 8,5 шақырымнан астамы салынған, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, жұмыс барысы бойынша күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бақылауға алынған.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Байкен Аширбаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР