2021-10-17 06:19:25
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Шымқала-таза қала» атты қалалық сенбілік өтті

«Шымқала-таза қала» атты қалалық сенбілік өтті 1
Мегаполисте 2 қазан күні «Шымқала-таза қала» атты жалпы қалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала тұрғындары, мектеп, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері мен мешіттер, коммерциялық нысандардың ұжымдары белсенді қатысты.
Қала тұрғындары көп қабатты тұрғын үй аулаларында және жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстарын жүргізді. Ал, әлеуметтік мекемелер мен мешіттер және коммерциялық ұйымдардың ұжымдары өз нысандырының аулалары мен іргелес аумақтарын тазалады.
Жалпы қалалық сенбілікке отыз алты мыңнан аса адам қатысты. Олармен жол жиектері, ирригация және арық жүйелері тазаланып, 1 375,9 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Жұмысқа барлығы жүз он төрт техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР