2021-12-03 19:35:58
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қала әкімнің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімнің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 1
Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 44 940 азамат тіркелген. Оның ішінде 15 264 азамат халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тұрғандар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар осы аталған санаттың ішіндегі топтың бірі болып есептеледі.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдауда тұрғын үймен қамту мәселесіне жіті назар аударды. Қабылдау барысында Ерғали Дәулетбекұлы баспана кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен толық емес отбасы және көпбалалы аналардың өтінішін тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Баспана сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарды жалға алу тәртібімен уақытша баспанамен қамтамасыз ету – үлкен қолдау. Шымкент қаласы бойынша биыл 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 308 пәтер тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша қабылданып, жетім балаларға 18 пәтер, көпбалалы отбасыларға 148 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына 142 пәтер бойынша жалдау шарттары толығымен аяқталып, азаматтарға қолданысқа берілді.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 368 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған.
Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «5-10-20» Шаңырақ» бағдарламасы, 5-20-25 және 7-20-25 бағдарламалары бар.
Айта кету керек, 2020 жылы тұрғын үй кезегіндегі 692 азамат баспанамен қамтылған болса, оның 450-і көпбалалы отбасылар, 242–сі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатындағы азаматтар. Оның ішінде 2-Ұлы Отан соғысының ардегері және 48 жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР