2024-04-24 04:44:53
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қайнарбұлақ саяжайындағы 14 көше асфальтталады

Қайнарбұлақ саяжайындағы 14 көше асфальтталады

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайында 32 мың тұрғын қоныстанған. Аумағы 7200 гектарды құрайтын елдімекенде 7144 жеке тұрғын үй және 42 тұрғын үй кооперативі бар.

Ондағы балалар №83 жалпы орта мектепте білім алса, бірқатар бала Қайнарбұлақ тұрғын алапта орналасқан екі мектепке барады. Мектепке дейінгі білім беретін 4 балабақша бар. Бұдан бөлек халыққа №54 учаскелік полиция пункті, №10 мемлекеттік емхана қызмет етеді.

Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ауыз су толық берілген. Табиғи газбен қамтылмаған, газдандыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.

Мұндағы 222 көшенің 32-сі асфальтталған болса, 190-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки, Серегин, Толстой көшелері секілді 14 көшеге асфальт төселеді. 2023 жылы — 28 көше (9,2 км), 2024 жылы — 19 көше (14,9 км), 2025 жылы — 8 көше (34,9 км) асфальтталады.

Өткен жылы Степная көшесінде жарықтандыру бағаналары орнатылса, биыл аталған көшеге жарық қосылады. Сонымен бірге, Центральная көшесі жарықтандырылады. 2025 жылға дейін ққосымша 7 көше жарықтандырылмақ.

2021 жылы оптикалық интернет желісі орнатылды.

Былтырғы жылы №83 мектеп маңына демеушілер есебінен 1 спорт алаңшасы, жергілікті бюджет есебінен 1 спорт алаңшасы бой көтерді. Бұл жылы бос жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілмек.

Аталған елдімекенге №№ 70, 2, 149 қоғамдық көлік қатынайды. Қала әкімінің «Қайнарбұлақ» тұрғындарымен кездесуі нәтижесінде №70 бағытқа 2 автобус, ал №2 маршруткіге 1 автобус қосылған болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР