2022-05-28 01:15:15
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өткен тәулікте 6364 адам екпе алды

Өткен тәулікте 6364 адам екпе алды 1
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекцисына қарсы 6364 адам вакцина салдырды: I компонент-2658, II компонент-3706. Егу науқаны басталғалы барлығы 391 972 адам вакциналанды. Оның ішінде 316 030 адам вакцинаның екі компонентін алған.
11 тамыз күні қалада КВИ-дің бес жүз он бес жағдайы тіркелді (белгілері бар – төрт жүз жиырма тоғыз, белгілері жоқ – сексен алты). Екі жүз қырық екі адам инфекциялық стационарға жатқызылып, екі жүз жетпіс үш адам үй бақылауына алынды.Сондай-ақ, өткен тәулікте төрт жүз қырық үш нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде он екі нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР