2024-03-28 22:39:16
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өткен тәулікте 4377 адам екпе алды

Өткен тәулікте 4377 адам екпе алды
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4377 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды: I компонент-1913, II компонент-2424. Егу науқаны басталғалы барлығы 410 096 адам вакциналанды. Оның ішінде 338 515 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.
20 тамыз күні КВИ-дің  үш жүз жиырма сегіз  жағдайы тіркелді (белгілері бар – екі жүз сексен жеті, белгілері жоқ – қырық  бір). Екі жүз он бір  адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жүз он жеті адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы үш мың жеті жүз  сексен  орын бар. Төсек-орын толымдығы алпыс бір %-ды құрайды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте төрт жүз елу үш нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде сегіз нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда. Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР