2024-03-29 18:41:08
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» іс-шарасының орындалуы талқыланды

"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" іс-шарасының орындалуы талқыланды

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің нұсқауына байланысты, мүдделі мемлекеттік органдарының, үкімет емес ұйымдардың, жұртшылық пен БАҚ-ның өкілдерін тарта отырып, ағымдағы жылдың 21-30 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты іс-шараларын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімі аппараты Халықты әлеуметтік қорғау қолдау көрсету бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен бүгін, 2021 жылдың 23 маусымы күні іс-шараның бастамасын бастады. Іс-шараға Шымкент қаласы департаменті, Абай аудандық полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Г. Бектимисова, П, Маймакова және №2 қалалық емханасының психолог маманы Г. Абилдаева, сонымен қатар, «Сана сезім» орталығының маманы-заңгер С. Сағындық, т.б. мамандар қатысып алдағы бір ай көлемінде өтетін іс-шара жоспарын талқылады. Бұл іс-шараның мақсаты отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа дұшар болған жандарға психологиялық, әлеуметтік көмектер көрсету. Ол орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі: ерлі зайыптылардың бір-біріне деген, ата-аналардың балаларға деген, балалардың ата-анасына деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту, бопсалау, осы аталып өткен жағымсыз әдеттерден алдын-ала сақтана білу. Ең бастысы — зорлық-зомбылық өмір және денсаулық үшін өте қауіпті екенін түсіндіре отырып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандармен профилактикалық жұмыс жасап, зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР