2024-04-24 01:12:30
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады.

Спортшылардың әлемдік додалардағы жетістігі ел абыройы үшін маңызды. Қала әкімі жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қаладағы даму деңгейін көтергенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Спортшыларға тұрғын үй қорының есебінен берілген Нұрсәт шағынауданындағы бір бөлмелі пәтерді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов  лентасын қиып табыстады.

Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында осындай табыстарға қол жеткізген қос жүлдегер әкімдікке және жанкүйер халыққа алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, олар бұл қарқында қалып қоймай, алда өтетін Азия чемпионатына қызу дайындалатынын атап өтті.

Айта кетейік,  каратэ спорты биылғы Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген болатын. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР