2024-04-25 15:12:36
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде.
Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы он бес шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта төрт шақырым кәріз жүйесі орнатылды.
Құрылыс жұмысы толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағын ауданындағы үш мың сегіз жүз елу тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылатын болады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы он үш нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР