2022-05-23 23:03:34
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мазарат аумағы қоқыстан тазартылуда

Мазарат аумағы қоқыстан тазартылуда 1
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданында орналасқан мұсылман бейітіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында бейіт аумағы күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді.
Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында бес мазарат бар. Олар Текесу, Ақтас және Ақтас екі  тұрғын алаптарында, екі  жүз  жетпіс  бес  орамда және Сәуле шағынауданында орналасқан. Барлық мазараттарды күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы жауапты. Аталған мазараттарда тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қаланың бет-бейнесі – тазалықта. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға, үй аулаларында тазалық сақтауға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР