2024-04-25 16:53:39
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Катар елінде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

Катар елінде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

Шымкенттің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндігі шет мемлекеттерде  таныстырылуда. Бұл жолы Катар елінің астанасы Доха қаласында өткен Hospitality Qatar — 2022” — қонақ үй бизнесіне арналған халықаралық көрмеде жүзеге асып отыр. Қазақстаннан аталған көрмеге Шымкент қаласы Дохадағы ҚР Елшілігінен шақырту алған.

Осы мақсатта, Шымкент қаласынан бірқатар депутаттар,  басқарма басшылары және туристік бизнес өкілдері қатысып, қаланың мүмкіндіктерін таныстыруда.

“Шымкент — аумағы жағынан Қазақстанда қалалар арасында бірінші, халық саны бойынша үшінші орынды алатын мегаполис. Қаланың географиялық тұрғыда орналасуы да Орталық Азия елдерімен логистикалық байланыс пен экономикалық орталық құруға ыңғайлы. Қалада инвестиция тарту мен кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасалған. Осы ретте, өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрады. Одан өзге, туризм саласы бойынша да 2021 жылы шетелден келуші туристер саны бойынша Шымкент елімізде 3 орынға ие болды”, — дейді қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бастығы Ерлан Қыдыров.

Шымкенттіктер көрмеге келушілерді қаланың туристік әлеуетін келіп көруге және инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

6-9 маусым, яғни 3 күнге созылатын ауқымды іс-шараға әлемдегі 40-қа тарта мемлекет  қатысып жатыр. Жалпы, “Hospitality Qatar — 2022” — қонақ үй бизнесіне арналған халықаралық ауқымды көрме туризм мен қонақжайлылық бойынша перспективті жобаларды жүзеге асыруға арналған, келушілер міндетті түрде көруі тиіс іс-шара ретінде өз орнын тапқан.

Ал, Шымкент қаласын таныстыру арқылы  келуші туристер санын арттыруға және жаңа жобалар жасау үшін инвесторлар тартуда маңызды рөл атқарады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР