2024-03-29 16:37:28
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, — деп хабарлайды Citynews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін қалалық сот қаулыны жариялап, Байқоңыр сотының шешімін атап өтті және Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. 2020 жылдың желтоқсанында Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. 72-бапқа («Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату») 8-тармақ қосылды, енді сыбайлас жемқорлық үшін айыпталып, жасы алпыс үштен асқан ер адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босай алады», — деді адвокат Ерлан Макенов.

Адвокат Әбішевтің 65 жасқа толғанын, бұдан басқа оның ешқандай заңбұзушылықтары жоғын айтты, бұл сот шешіміне негіз болған.

Еске салайық, 2020 жылдың ақпанында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке Нұр-Сұлтанда үкім шығарылған болатын. Ол 60 миллион теңгеден аса мөлшерде пара алуға әрекет еткені үшін кінәлі деп танылған. Әбішев бес жылға бас бостандығынан айырылған, ол қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеген. Сондай-ақғ оған белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР