2024-03-28 15:56:36
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Игілік тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Игілік тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған болатын. Ауыз су құбырының ұзындығы 85,9 шақырымды құрады. Құрылысты «СМК и 7 –Ж» ЖШС-і атқарды.

Осы орайда қала әкімі Мұрат Әйтенов Игілік тұрғын алабындағы инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы 25,4 шақырымды құрады. Бұл ретте мердігер мекеме құрылысты биыл төртінші тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тұрғын алапта 13,4 шақырымдық отыз көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалған. Аталған жұмыстарды мердігер «Асфальт» ЖШС-і толығымен аяқтады.

Айта кетейік, Абай ауданына қарасты Игілік, Көкбұлақ тұрғын алаптарына су құбыры тартылып, өткен жылы Жаңаталап тұрғын алабы, Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс аумағы, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Нұршуақ шағын аудандарында да арнайы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Нәтижесінде, биыл аудан аумағындағы 25 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР