2024-04-20 03:19:08
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ғылым мен техниканың тілі

Ғылым мен техниканың тілі
Жаңашылдығымен, ізденісімен дараланған ардақты ұстаздардың бірі – Бақыткүл Мансұрова. Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі ширек ғасырға жуық шәкірт тәрбиелеп келеді. Ұжымда сыйлы педагог ізінен ерген жас мамандарға үнемі бағыт-бағдар беріп отырады.

Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін кейіпкеріміз оқушылардың да жүрегіне жол таба білді. Осыдан алты жыл бұрын шәкірті «Робототехника» бойынша өткен жарыста қаладағы мектеп оқушылары арасында оқ бойы озық шықты.

Тың саланы түрлі қызықты әдістермен үйрететін педагог шәкірттерді ғылыми зерттеуге де баулып келеді. 2018 жылы оқушысы ғылыми жобаларды қорғауда үздіктер қатарынан бой көрсетті. Былтыр тәжірибелі ұстазға қалалық білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Сонымен қоса, сүбелі еңбегі үшін 2014 жылы «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды. Бақыткүл Ермаханқызы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің 5 жылдығына арналған «Жұлдызды талант» IV балалар мен оқушылар фестиваліне белсене атсалысқаны үшін арнайы алғыс хатқа ие болды.

Шыдамдылық пен ізденімпаздық қасиеттерін талап ететін мәртебелі мамандық иесі ел болашағын заманауи технологиялармен тығыз байланыстырады. Сондықтан да жастарды ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін меңгертуге барын салады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР