2024-04-24 15:20:30
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Газ жабдығын дұрыс пайдаланбағандарға айыппұл салынады

Газ жабдығын дұрыс пайдаланбағандарға айыппұл салынады
Шымкент қаласының газ техникалық инспекция бөлімі аудандық әкімдіктермен бірлесе тұрмыста газ қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындарға үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Атап айтқанда, қала аумағында орналасқан көпқабатты үйлердің түтіндік және желдеткіш арналарының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз ету бойынша және үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт жасасудың міндеттілігі жөнінде ескертілді.
Қала аумағында орналасқан 15 көпқабатты үй (жатақхана) орталық газ жүйесіне қосылмағандықтан тиісті мекемелермен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті құжаттар әзірленуде.
Қазіргі таңда, аталған үйдің пәтер иелеріне ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 28 бабының 7-тармағына сәйкес, қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынғандығы жөнінде түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 306 бабына сәйкес, ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу – айыппұл салуға әкеп соғады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР